ШЫМКЕНТТІК ЗОЯ ПИСКУН – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шымкент қаласының спортшысы Зоя Пискун стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасының сапында XX жазғы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.

«Скит» жаттығуындағы командалық бәсекеде Зоя Пискун (Шымкент қаласы) Әсем Орынбай (Алматы облысы) және Адель Садақбаевамен (Астана қаласы) бірге ел намысын қорғап, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 274 ұпай жинады. Осылайша Қазақстан құрамасы II орынға тұрақтап, Азия ойындарының күміс жүлдесін еншіледі.

Бәсекеде Қытай құрамасы 287 ұпаймен топ жарса, Үндістан құрамасы 266 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Азия ойындарында стенд ату және нысана көздеу спорт түрлерінен 35 елден 461 спортшы бақ сынайды. Қазақстан сапында осы спорт түрлерінен Шымкент қаласының 14 спортшысы ел намысын қорғауда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1297199?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version