Түркістан облысында жас сақшылар музейге экскурсия жасады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сайрам ауданының полицейлері өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Жас сақшы” сыныбының 30-ға жуық оқушысына “Алтын ана” музейіне танымдық экскурсиясы ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар музей қорындағы тарихи жәдігерлермен танысып, халқымыздың өткені, мәдениеті мен салт-дәстүрлері жөнінде мағлұмат алды. Музей қызметкерлері тарихи құндылықтардың маңызы туралы түсіндіріп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Экскурсия соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, тарихи мұраны сақтау мен дәріптеудің маңызын атап өтті. Аталған іс-шара жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, туған елге деген құрметін арттыруға бағытталды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1297125?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version