ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Әсел Қанай Айчи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
61 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі кумитэ бәсекесінің финалында қазақстандық спортшы Қытай өкілі Гун Лиге жол берді.
Гун Ли – әлемдік каратэнің ең титулды спортшыларының бірі. Ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Ханчжоудағы Азия ойындарының чемпионы және Дүниежүзілік ойындардың жеңімпазы.
Әсел Қанай финалға дейін сенімді өнер көрсетті. Ширек финалда ол Моңғолия өкілі Маралжинго Пуревжавты 9:1 есебімен жеңсе, жартылай финалда Камбоджа спортшысы Чакрия Ванннан 3:0 есебімен басым түсті.
Жапонияда иеленген күміс жүлде Әсел Қанайдың Азия ойындарындағы жеке нәтижесін жақсартты. Бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында қазақстандық спортшы қола жүлдеге ие болған еді. Осылайша, түркістандық спортшы құрлықтық додада бір саты жоғары көтерілді.
Сонымен қатар, Әсел Қанай – әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы.
Бұл – Қазақстан құрамасының қазіргі Азия ойындарындағы каратэден кезекті жүлдесі. Бұған дейін Жоламан Бигабыл мен Софья Берульцева алтын медаль жеңіп алған болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1296364?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version