ТҰРҒЫНДАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕЛЕР НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАЙДЫ

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
 
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында азаматтардың өтініштері тыңдалып, тұрғындардың тұрмыс сапасына және елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселе қаралды.
 
Жеке қабылдауға 8 азамат қатысып, 12 мәселе көтерілді. Негізгі өтініштер жер қатынастары, тұрғын үй, ауыз сумен қамту, электр желілерін жаңғырту, автомобиль жолдарының жай-күйі және кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты болды.
 
Атап айтқанда, тұрғындар жер учаскелерін рәсімдеу, кәсіпкерлік қызметті дамытуға байланысты несие серіктестігі, ауыз сумен қамтамасыз ету, электр желілерін жаңарту және трансформатор орнату, сондай-ақ автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
 
Аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің қолданыстағы заңнама аясында жан-жақты зерделенуі қажеттігін атап өтті. Тиісті бөлімдер мен жауапты мекемелерге азаматтардың өтініштерін қарап, әр мәселе бойынша нақты шешу жолдарын айқындау жөнінде тапсырмалар берілді.
 
Қабылдау барысында тұрғындардың ұсыныстары назарға алынып, олардың орындалу барысын бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1296529?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version