Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай «Verdala» шаруа қожалығында сәбіз жинау жұмыстарының барысымен танысты.
Шаруа қожалығының басшысы Мұратбек Садықов аудан әкіміне егін жинау науқанының барысы және өсірілетін өнім көлемі туралы ақпарат берді.
Бүгінгі таңда 26,5 гектар егіс алқабының 0,4 гектарына егілген сәбіз жиналды. Жинау жұмыстарына тұрақты түрде 4–5 адам жұмылдырылған, ал маусымдық кезеңде жұмысшылар саны 25–30 адамға дейін артады.
Сәбізден бөлек, шаруашылықта 0,5 гектар жерге қызылша да өсірілуде.
Жұмыс сапары барысында аудан әкімі жиналған көкөніс өнімдері сақталатын қойманы да аралап көрді.
Алдағы уақытта шаруашылық өсірілген өнімді терең өңдеуге көшуді, атап айтқанда, сәбіз шырынын өндіруді жолға қоюды жоспарлап отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-sand/press/news/details/1296133?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау