Приозерск қалалық мәслихатының VIII шақырылымдағы тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырыста қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралып, атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге арналған міндеттер талқыланды. Бірлескен отырысқа қала әкімінің орынбасарлары Темірхан Айдарханұлы Айдарханов пен Алмас Ұланұлы Алмас, Қоғамдық кеңестің төрағасы, Приозерск қаласы бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық Кеңесінің төрағасы, мемлекеттік мекемелердің басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібіне 7 мәселе енгізілді. Қала әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханұлы Айдарханов қаланың 2026–2027 жылдарға арналған қысқы жылу беру маусымына дайындығы туралы есеп берді,Қала әкімінің орынбасары Алмас Ұланұлы Алмас жасөспірімдер мен кәмелетке толмаған жастар жөніндегі комиссияның атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндады.,Приозерск қаласы әкімі аппаратының басшысы Жәнібек Досболұлы Ануарбеков Приозерск қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді, Приозерск қаласының құрылыс бөлімі басшысы Жұмахан Ақылгерейұлы Сарсембеков құрылыс бөлімінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады, «Қарағанды облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Приозерск қаласының мансаптық орталығының басшысы Мақпал Шаймерденқызы Акимова жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша атқарылған шаралар туралы есеп берді, Приозерск қалалық мәслихаты аппаратының басшысы Шұға Бексейтқызы Мақышева «Приозерск қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілетін өзгерістер туралы баяндады. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың тиімділігін арттыру, қала тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу және қаланың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды. Отырыс қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары қаралған мәселелерді бірауыздан мақұлдап, оларды қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының қарауына ұсыну туралы шешім қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1296981?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау