Қызылорда облысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында 1332 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде көлік құралын масаң күйде басқарудың 2, тыныштықты бұзудың 18, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің 20 дерегі бойынша заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданды.
Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1296943?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау