Жарлыөзек ауылдық округінде үстел теннисінен жарыс өтті
Жарлыөзек ауылдық округінде нашақорлықтың алдын алу, халықты салауатты өмір салтына тарту, зиянды әдеттерден бас тартуға бағытталған профилактикалық жұмыстар мен спорттық іс-шаралар жалғасын табуда. Осы бағытта үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Жарыстың мақсаты – жастар мен ауыл тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортпен тұрақты түрде айналысуға ынталандыру, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, зиянды әдеттердің алдын алу және дене шынықтыруға деген қызығушылықты арттыру.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
🥇 1-орын — Бауыржанұлы Нұрали;
🥈 2-орын — Мәулітбек Бекнар;
🥉 3-орын — Еркінұлы Ербулан.
Жарыс жеңімпаздары арнайы грамоталармен марапатталды. Спорттық іс-шара қатысушылардың белсенділігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-koksu-zharlyozek/press/news/details/1296556?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау