Халықаралық жастар күніне орай Түркістан қаласында жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға бағытталған «LeadUp Turkistan» кездесуі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл жанындағы «Еркіндік рухы» жастар комиссиясының мүшесі, «Таңдау құқығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Айбар Мырзагельдиннің қолдауымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында жастар көшбасшылық, тұлғалық және кәсіби даму, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері жөнінде пайдалы ақпарат алып, арнайы шақырылған спикерлермен еркін пікір алмасты.
Іс-шара жастардың жаңа білім мен тәжірибе жинақтауына, өзара байланыс орнатуына және бастамаларын дамытуына мүмкіндік беретін мазмұнды алаңға айналды.
Жастардың әлеуетін қолдау – ел болашағына салынған инвестиция.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-turkistan-oblysy/press/news/details/1296698?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау