«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетібай ауылындағы санитарлық тазалық пен абаттандыру жұмыстарының барысы назарға алынды.
Аудан басшысы Сымбат Төретаев, ауыл аумағындағы бірқатар кәсіпкерлік нысандардың айналасы мен қас бетін ретке келтіру, тазалық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу және олардың санитарлық жағдайына тұрақты мониторинг жүргізу бойынша тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, ауылдың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында жарық бағаналары мен аялдамаларды сырлау, ескірген және жарамсыз қоқыс жәшіктерін ауыстыру, көше бойындағы үйінділерді тегістеу бойынша тиісті жұмыстарды тез арада ұйымдастыруды тапсырды.
Тазалық – бір күндік жұмыс емес. Ауылдың таза, көрікті әрі қолайлы болуы – ортақ міндет.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
#маңғыстау #тазақазақстан #актау #қарақия
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1297053?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау