⚜️ «Ақтөбе қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті.
Бүгін Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексінің 20-бабына сәйкес «Ақтөбе қаласының Бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша қоғамдық талқылау өткізілді.
🗣️ Талқылау барысында қала тұрғындары мен мамандар тарапынан айтылған ескертулер мен ұсыныстар қаралып, тиісті түрде хаттамаға енгізілді.
📌 Қоғамдық талқылау — қаланың болашақ дамуына қатысты маңызды мәселелерді ашық талқылап, тұрғындардың пікірін ескеруге мүмкіндік беретін маңызды алаң.
🏙️ Бас жоспарды түзету жұмыстары қаланың тұрақты дамуын, инфрақұрылымын жетілдіруді және аумақтарды тиімді жоспарлауды көздейді.
🤝 Қала дамуына қатысты әрбір ұсыныс пен пікір маңызды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-saulet/press/news/details/1297265?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау