⚜️КЕНТАУДА НАШАҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНІҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі қалалық ведомствоаралық штабтың кезекті отырысы өтті.
Жиында қалалық психикалық денсаулық орталығының нашақорлықтың алдын алу бағытында атқарған жұмыстары мен өзекті мәселелері, Қарнақ ауылында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар қаралды.
Сонымен қатар, колледж студенттері арасында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында жүргізілген тәрбиелік және профилактикалық іс-шаралар талқыланды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала өкілдері баяндама жасап, атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.
Отырыс қорытындысында қала әкімі Жандос Тасов жауапты мекемелерге профилактикалық жұмыстарды күшейту және жастар арасында түсіндіру шараларын жүйелі жүргізу жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-shauildir/press/news/details/1297460?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version