Бүгін Ұлытау облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Б. Каримовпен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталыққа келіп түскен азаматтың өтініші бірлесіп қаралып, өтініште көтерілген мәселелер және оларды шешудің ықтимал жолдары талқыланды.
Мәселе Департаментпен бірлесіп, өз құзыреті шеңберінде жан-жақты қаралды. Қорытындысы бойынша өтініш иесіне нақты әрі толық жауап берілді.
Мұндай кездесулер азаматтардың өтініштерін жедел қарауға, олардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік органдардың халықпен өзара іс-қимылын нығайтуға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-ulytau/press/news/details/1297393?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау