Әдеп мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе облысының мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Р.Мажитов және облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.Омарованың қатысуымен облыстық жастар саясаты мәселелері, тілдерді дамыту, цифрлық технологиялар, дін істері басқармаларының қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау және қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстану қажеттігі түсіндірілді.
Соның ішінде:
азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
іскерлік киім үлгісін сақтау;
мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
масаң күйде көлік құралын басқармау;
әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
құмар ойындарға әуестенбеу қатаң ескертілді.

 Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі талдау жүргізу тәртібіндегі жаңашылдықтар, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Мемлекеттік қызметшінің әдептілігі, жауапкершілігі мен кәсіби мәдениеті

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-digital/press/news/details/1297794?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version