Әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Департамент басшысының орынбасары Р.Мажитов пен қоғам өкілдері және облыс әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Р.Омарованың қатысуымен басқарма қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп талаптарын сақтау және қызметтен тыс уақытта да мемлекеттік қызметшінің жоғары міңез-құлық стандарттарын ұстану қажеттілігі түсірінділді.

Соның ішінде:

  • азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;
  • іскерлік киім үлгісін сақтау;
  • мемлекеттік мүлікті жеке мақсатта пайдаланбау;
  • қоғамдық тәртіпті бұзуға жол бермеу;
  • масаң күйде көлік құралын басқармау;
  • әлеуметтік желілерді әдеп нормаларына сай жүргізу;
  • құмар ойындарға әуестенбеу қатаң ескерілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу және ішкі талдау жүргізу тәртібінде жаңашылдықтар, мүдделер қақтығысына жол бермеу, заң талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-goszakup/press/news/details/1297475?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version