Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 582-бабының 1-тармағына сәйкес, жергілікті өкілді органдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жерді аймақтарға бөлу жобалары негізінде жер салығының мөлшерлемелерін осы Кодекстің 577 және 578-баптарында белгіленген базалық жер салығының мөлшерлемелерінің 50 пайызынан аспайтын мөлшерге төмендетуге немесе арттыруға құқылы. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 581-бабының 3-тармағына сәйкес, жергілікті өкілді органның шешімі бойынша тұрақтар алып жатқан жерлерге базалық салық мөлшерлемелері арттырылуы мүмкін, бірақ он еседен аспауы керек. Бұл мәселелер аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында депутаттардың, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерінің, аудандық мемлекеттік кірістер департаменті мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Талқылаудан кейін бұл мәселелерді аудандық мәслихаттың сессиясына шығару туралы шешім қабылданды, себебі жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету 2009 жылы жүргізілген болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-altynsarin/press/news/details/1297477?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау