БІРЛЕСКЕН ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРДЫҢ КӨШПЕЛІ МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін Түркістан қалалық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссияларының көшпелі мәжілісі өтті.
Жиынға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қала әкімінің орынбасары Аманжол Бекбол, мәслихат депутаттары Жамила Сүлейменова, Бақдаулет Тұрманов және Жандос Арыстанов қатысты.
Көшпелі мәжіліс барысында қала аумағындағы бірқатар нысанның қазіргі жағдайы зерделеніп, тұрғындар үшін маңызды мәселелер тікелей нысандарға бару арқылы қаралды.
Атап айтқанда, индустриалды аймақта атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылымның жай-күйі және кәсіпкерлік нысандардың қызметі таныстырылды.
Сондай-ақ әлеуметтік дүкендердің жұмысы зерделеніп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қолжетімділігі, баға тұрақтылығы және тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасы назарға алынды.
Көшпелі мәжіліс қорытындысы бойынша анықталған мәселелер талқыланып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Олардың орындалу барысы алдағы уақытта депутаттық бақылауда болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1297366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version