Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысымен және дауыс беру қорытындысы бойынша Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы лауазымына сайланды.
Президент Мемлекет пен қоғам арасындағы дәнекер туралы:
«Бұл – конституциялық мәртебесі бар, беделді лауазым. Сондықтан бұл орынға елге белгілі, халық пен биліктің арасында алтын көпір болатын азамат келуге тиіс. Ерлан Жақанұлы – жауапкершілігі жоғары, білікті, мемлекеттік жүйеде мол тәжірибесі бар тұлға. Оның Халық Кеңесі Төрағасы ретінде елдегі қоғамдық келісімді нығайтуға мол үлес қосатынына сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар Президент консультативтік-кеңесші органның құрамына кәсіби білікті, ел мүддесіне адал, озық ойлы азаматтар енгенін айтып, Кеңес мүшелеріне жүктелген жауапкершіліктің жүгі ауыр екенін айрықша атап өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetisy-maslihat/press/news/details/1297834?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау