Эбола қызбасының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 8 қыркүйекте Ақтау теңіз порты санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Ақтау теңіз портының, кеден, фитосанитариялық және ветеринариялық бақылау қызметтерінің қызметкерлері арасында Эбола қызбасының алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің аса қауіпті инфекциялық аурулар туралы хабардарлығын арттыру, олардың алдын алу шараларын түсіндіру және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Кездесу барысында мамандар Эбола қызбасының эпидемиологиялық ерекшеліктері, жұғу жолдары, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Аурудың негізгі белгілеріне дене қызуының күрт көтерілуі, әлсіздік, бұлшықет және буындардың сырқырауы, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу және іш өту жататыны түсіндірілді. Аурудың ауыр түрінде қан кету, ішкі ағзалардың зақымдануы және полиағзалық жеткіліксіздік дамуы мүмкін екендігі атап өтілді. Қатысушыларға аурудың жасырын кезеңі 2 күннен 21 күнге дейін созылатыны, ал науқас алғашқы белгілер пайда болған сәттен бастап айналасындағыларға жұқтыру қаупін тудыруы мүмкін екендігі түсіндірілді. Мамандар науқас адаммен тығыз байланыста болған кезде және санитариялық-гигиеналық талаптар сақталмаған жағдайда жұқтыру қаупі жоғары болатынына назар аударды. Сонымен қатар, табиғи ошақтары бар Африка елдеріне барған кезде сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді. Жеке профилактика шараларын сақтау, ауру белгілері пайда болған кезде медициналық көмекке уақтылы жүгіну, сондай-ақ Эбола қызбасы бойынша қолайсыз өңірлерден оралғаннан кейін денсаулық жағдайын бақылау қажеттігіне ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар мен брошюралар таратты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1297430?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version