Елордада 150-ге жуық студентке құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері түсіндірілді

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     ҚР ІІМ бастамасымен Қазақ ұлттық спорт университетінің Студенттер үйінде “Заң мен тәртіп” жобасы аясында білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған кездесу өтті. Шараға 150-ге жуық студент қатысты.

     Кездесуге ҚР ІІМ ӘПК-нің ювеналдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дюсембеков және Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Матзум қатысты.

     Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастырып, қауіпсіз мінез-құлық пен жеке жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.

     Іс-шара барысында жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, суық қару алып жүрмеу, түнгі уақытта қауіпсіздік талаптарын сақтау, буллингке жол бермеу, есірткі қылмысының алдын алу және заң алдындағы жауапкершілік мәселелері талқыланды.

     Студенттер кездесуге белсенді қатысып, мамандарға өздерін қызықтырған өзекті сұрақтарын қойды. Сұрақ-жауап барысында қоғамдық тәртіп, жеке қауіпсіздік және құқықтық жауапкершілікке қатысты нақты түсініктемелер берілді.

     Кездесу жастардың құқықтық білімін жетілдіруге, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауына ықпал етті. Осындай ашық форматтағы кездесулер жастар мен құқық қорғау органдары өкілдері арасындағы тікелей байланысты нығайтып, құқықтық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1298031?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version