2026 жылғы 22 қыркүйекте, Қазақстан Республикасының Еңбек күні қарсаңында, «Темірбетон» ЖШС директоры А.Ергалиев, «Метакон» ЖШС директоры Д.Шишов бастаған зауыттардың еңбек ұжымдарымен кездесу өтті.
Кездесуге Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитеті департаментінің бөлім басшысы Ч.Абишев, бас маманы А.Айдос және Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З.Илимжанова, Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Қойшыбаев қатысты.
Кездесу барысында еңбек қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Кәсіпорын қызметкерлері қауіпсіз еңбек, зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау мәселелеріне, оларды есептеу ерекшеліктеріне, сондай-ақ тиісті төлемдерді рәсімдеу және алу тәртібіне қызығушылық танытты.
Ашық диалог барысында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құзыретті жауаптар алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-lab/press/news/details/1297175?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау