Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!

2026 жылғы 23 қыркүйекте «ТК Метакон» ЖШС еңбек ұжымымен ашық әрі сындарлы диалог форматында кездесу өтті. Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаевтың, Департаменттің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Қойшыбаевтың және Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің бөлім басшысы Ш.Әбішев қатысты.

Зауыт жұмысшыларын зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері, қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібі, сондай-ақ еңбек жағдайларының зияндылығына байланысты мәселелер мен тиісті әлеуметтік төлемдер қызықтырды.

Ашық диалог барысында жұмысшылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

Кездесуді қорытындылай келе, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев «ТК Метакон» ЖШС қызметкерлерін алдағы Қазақстан Республикасының Еңбек күнімен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық, тұрақтылық, кәсіби дамуға және алдағы еңбек қызметінде толағай табыс тіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhetysu/press/news/details/1297812?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version