Қазіргі уақытта Қазақстанда балалар арасында энтеробиоз өзекті мәселе болып табылады.
Энтеробиоз — қоңыржай және тіпті суық климат басым елдердегі ең кең таралған гельминтоз. Гельминтоздар деп паразит құрттар — гельминттер туындататын ауруларды атайды.
Энтеробиоздың қоздырғышы — ұшы үшкір, ақ түсті, ұзындығы 0,5-тен 1 см-ге дейін болатын кішкентай нематода немесе острица (Enterobius vermicularis) острицасы.
Баланың жұқтыру ықтималдығын арттыратын факторлар:
- Саусақтарды немесе әртүрлі заттарды (ойыншықтар, ыдыс-аяқ және т.б.) жалау немесе сору әдеті.
- Тырнақты жеу немесе оның айналасындағы теріні тістеу.
- Гигиеналық дағдылардың, дәретханадан кейін қол жуу әдетінің болмауы, ұқыпсыздық.
- Бала қозғап, жиі қолымен ұстайтын бос сүт тістері.
- Отбасының басқа мүшелерімен немесе бөтен адамдармен ортақ ыдыс-аяқ пен гигиена заттарын пайдалану.
Көбінесе ясли, балабақша, үйірмелер, клубтар және басқа да осындай ұйымдасқан балалар мекемелеріне баратын балалар жұқтырады. Сондай-ақ бала қоғамдық орындарда қаншалықты көп уақыт өткізсе және автобустар мен басқа да қоғамдық көліктерді соғұрлым жиі пайдаланса, жұқтыру ықтималдығы арта түседі.
Алдын алу шаралары өте қарапайым, бірақ әсіресе мектепке дейінгі жастағы балаларда жұқтыруды толығымен болдырмау мүмкін емес.
Острицалар көп мөлшерде личинкалары бар микроскопиялық жұмыртқалар өндіреді. Жұмыртқалар аяқ киім мен киімде, шаңда, төсек жаймаларында, кілемдерде және еденде болуы мүмкін. Инфекцияны жұқтырған баладан немесе ересектен жұқтыру қаупі бар.
Острица жұмыртқалары соншалықты кішкентай, олар ауызға еш кедергісіз еніп, сол арқылы баланың ағзасына таралады.
Балалардағы энтеробиоз белгілері
Балаларда энтеробиоз төменде көрсетілген белгілерінің ең болмағанда біреуі анықталған кезде күдіктенеді:
- Кіндіктен төмен орналасқан іштегі мезгіл-мезгіл болатын ауырсынулар.
- Тамақ ішкеннен кейін немесе оған байланысты емес асқазандағы мезгіл-мезгіл болатын ауырсынулар.
- Тамақтанудағы қателіктерге байланысты емес жүрек айну ұстамалары, ішек коликасы.
- Жиі және анық емес нәжіс бұзылыстары, іш қату мен іш өтудің алмасуы.
- Жиі асқазан бұзылыстары.
- Себебін анықтау мүмкін емес дерматиттер.
- Аллергиялық тері реакциялары.
Энтеробиозы бар балалар түнде мазасыз ұйықтайды, тіпті ұйқыда жатып өзін бақылаусыз қашиды. Острицалар баланың денсаулығына қатты зиян келтірмейді. Дегенмен, олар бауыр мен өт шығару жолдарына түсіп, қабыну процестерін тудыруы мүмкін.
Энтеробиоздың алдын алу
- Қолды сабынмен жиі жуу және балаға үйрету. Қолды екі рет сабындаған жөн.
- Балаларға жеке гигиена дағдыларын сіңіру.
- Баланы аузына ойыншықтар, саусақтар және әртүрлі заттарды салудан арылту.
- Өзіңіздің және балалардың тырнағын қысқа етіп алу.
- Баланың іш киімін күн сайын ауыстыру.
- Түнде балаларға қолдарының ластануын болдырмау және бөлмеде шұбалшаң жұмыртқаларының таралуын азайту үшін жамбасына резинкасы бар трусиктер кигізген дұрыс.
- Киімді 60 градустан басталатын температурада жуу, ыстық үтікпен үтіктеу.
- Үй-жайды жүйе түрде ылғалды тазалаудан өткізу.
Энтеробиозды, басқа да көптеген аурулар сияқты, емдегеннен гөрі алдын алған әлдеқайда оңай. Ол үшін жеке және әлеуметтік гигиена ережелерін сақтау қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-auezov/press/news/details/1297404?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау