Ленинград ауылында ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ауыл тұрғындарына жергілікті өндірушілердің сан алуан өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, жылқы, сиыр, қой және құс еті, үйдің сары майы, сүт өнімдері, 1 000 данадан астам жұмыртқа, көкөніс, балық, сондай-ақ кесілген және жарылған түрдегі 15 текше метрден астам отын сатылымға шығарылды.
Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем-шөп өнімдерін сату ұйымдастырылды. Барлығы:
🔹 27 тонна дән қалдығы;
🔹 6 тонна арпа;
🔹 10 тоннадан астам шөп (престелген бума және рулон түрінде) өткізілді.
Осындай жәрмеңкелердің ұйымдастырылуы ауыл тұрғындарына сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін жергілікті тауар өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.
🤝 Жәрмеңкеге белсенді қатысып, жауапкершілік танытқан және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан барлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қатысушыларына алғыс білдіремін!
Ауылдық округ әкімдеріне, «Ак-Ниет Агро и К» ЖШС және «Нр-Агро» ЖШС директорларына, сондай-ақ жәрмеңкеге қатысқан азаматтарға ерекше алғысымызды білдіремін:
🔹 Ленинград ауылдық округінен – Ермеков Сансыбайға;
🔹 Ақжарқын ауылдық округінен – Багинский Янға, Юрчук Александрға, Альжанов Рахымжанға, Арыстанов Еркінге;
🔹 Алқатерек ауылдық округінен – Даиров Серікке, Жағыпаров Дарханға.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-akzhar/press/news/details/1297217?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version