«Матай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен терроризмнің алдын алу және діни экстремизмге жол бермеу бағытында ауыл тұрғындары мен Мәдениет үйінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Матай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен терроризмнің алдын алу және діни экстремизмге жол бермеу бағытында ауыл тұрғындары мен Мәдениет үйінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға терроризм қаупінің алдын алу, қоғам қауіпсіздігін сақтау, азаматтардың қырағылығын арттыру және күдікті жағдайлар орын алған кезде тиісті органдарға дер кезінде хабарлау қажеттілігін түсіндіру.

Түсіндіру барысында терроризм мен экстремизмнің алдын алу шаралары, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптарын сақтау, күдікті заттар мен адамдарға қатысты сақтық таныту және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету тәртібі туралы ақпараттар берілді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары мен Мәдениет үйінің қызметкерлеріне терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылып, қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында тұрғындарға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – барша азаматтың ортақ міндеті екендігі айтылып, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау мақсатында қырағылық танытуға шақырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-matai/press/news/details/1297302?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version