«Өнегеңмен ұлысың, ұлы баба»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алмалы ауылдық кітапханасында ұлы ойшыл, ғұлама, ақын, сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Яссауидің өмірі мен рухани мұрасын насихаттау мақсатында «Өнегеңмен ұлысың, ұлы баба» тақырыбында тұлғатану сағаты өткізілді. Шара барысында оқырмандарға Қожа Ахмет Яссауидің өмір жолы, шығармашылығы, түркі халықтарының рухани мәдениетіне қосқан үлесі туралы кеңінен мәлімет берілді. Ғұламаның адамгершілік, имандылық, адалдық, сабырлылық пен ізгілікке үндейтін тағылымды ойлары сөз болды.
Сонымен қатар қатысушыларға Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы видио көрсетіліп, кітап көрмесіндегі әдебиеттерге шолу жасалды.
Тұлғатану сағаты барысында оқырмандар ұлы бабаның өнегелі өмірі мен мол рухани мұрасынан тағылым алып, қазақ халқының тарихи-мәдени құндылықтарына деген қызығушылықтарын арттырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-baishegir/press/news/details/1297579?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version