Қоғамдық жұмыстар – қоғам пайдасына жаза

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық жұмыстар – сотталған адамды қоғамнан оқшауламай, заң алдында жауапкершілікке тартуға бағытталған қылмыстық жазаның бір түрі.

Астана қаласында сотталғандар қоғамдық маңызы бар жұмыстарға тартылады.

Прокуратураның негізгі міндеті – сот үкімдерінің заң талаптарына сай орындалуын қамтамасыз ету. Осы мақсатта сотталғандардың жұмысқа нақты шығуы, жұмыс уақытының дұрыс есептелуі және жазаның формалды орындалуына жол берілмеуіне  бақылау жүргізіледі.

Жыл басынан бері қоғамдық жұмыстар бойынша 701 адам пробация қызметінің есебінде болған. Оның 502-сі жазасын өтеп, есептен шығарылған, қазіргі уақытта 199 адам қоғамдық жұмыстарды орындауда.

Қоғамдық жұмыстар – бұл тек жаза емес, сонымен қатар сотталған адамның қоғамға пайдалы еңбек арқылы жауапкершілігін сезінуіне мүмкіндік беретін шара.

Елорда прокуратурасы өз кезегінде сот үкімдерінің бұлтартпай орындалуына тұрақты түрде қадағалау жүргізеді.

 

Астана қаласының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1297819?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version