Қостанай облысында жайылым тапшылығы сақталуда
Облыстық мәслихат депутаттары комиссиясының отырысында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Есимжан Баймақанов жайылымдық жерлерге қатысты жағдай туралы баяндады.
2026 жылдың басындағы жағдай бойынша жеке қосалқы шаруашылықтарда 471,8 мың шартты бас ауыл шаруашылығы жануары бар.
Мал басын жаю үшін қажетті жайылым көлемі 1,769 млн гектарды құрайды, ал қолда бар жайылым көлемі — 1,3549 млн гектар. Осыған байланысты 332,5 мың гектар жайылым тапшылығы қалыптасып отыр.
Тапшылықты азайту мақсатында:
* облыс әкімдігі 735,3 мың гектар босалқы жерді резервке алды, оның 203 мың гектары мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді қайта бөлу шеңберінде;
* ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ауыл тұрғындарының мал жаюы үшін 179,2 мың гектар жайылымды өтеусіз ұсынды;
* ауылдық елді мекендердің аумақтары 44,6 мың гектарға ұлғайтылды;
* ауылдар мен ауылдық округтерге 109,1 мың гектар жайылым пайдалануға берілді.
Отырыс барысында депутаттар Ғайния Есеева, Валерий Розумович, Қайрат Оспанов және Александра Сергазинова да өзекті мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарын жайылыммен қамтамасыз ету, қайтарылған жерлерді пайдалану және тозған жайылымдарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Жайылым тапшылығы Әулиекөл, Қостанай, Қарасу, Жітіқара аудандарында және Арқалық қаласында жоғары деңгейде қалып отыр.
Отырыс қорытындысы бойынша жайылым тапшылығын азайту және олардың жағдайын жақсарту бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде ұсынымдар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty/press/news/details/1297741?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау