Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Бизнес және құқық» жоғарғы мектебі «Құқық» кафедрасының студенттеріне «Ашық есік күні» өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Адал азамат» идеалдарына сәйкес, ерте кәсіптік бағдарлау шеңберінде мемлекеттік қызмет атқару ерекшеліктерін танымал ету мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде ағымдағы жылғы 22 қыркүйекте «Ашық есік күні» өткізіліп, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Бизнес және құқық» жоғарғы мектебі «Құқық» кафедрасының студенттері қатысты.
Іс-шара барысында студенттер Әділет департаментінің негізгі қызмет бағыттарымен және құзыреті шеңберінде атқарылатын жұмыстармен танысты.
Атап айтқанда, коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, құжаттарды апостильдеу, нотариат, адвокаттық қызмет және жеке сот орындаушылары салаларындағы аттестаттау рәсімдері бойынша сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету, халық арасында құқықтық түсіндіру іс-шараларын өткізу, сот актілерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бағыттарындағы жұмыстар туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында студенттер мемлекеттік қызметтің ерекшеліктері, әділет органдарының қоғамдағы рөлі және құқық саласындағы кәсіби қызметтің маңыздылығы жөнінде мағлұмат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1297274?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version