Департаменттің “Арнайы тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы” бұйрығына сәйкес үстіміздегі жылдың 24 қыркүйек күні Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Дүрменов Рауан Жұмадуллаұлы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалында Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының жұмыскерімен болған жазатайым оқиғаға байланысты арнайы тергеп-тексеру жүргізді.
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің “Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу” туралы заңдылық талаптарына сәйкес жүргізілген тексеру бойынша және еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің бөлім басшысы Рауан Жұмадуллаұлы мекеме ұжымымен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалу барысын басты назарға алу мақсатында еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес түсіндірме беріп өтті.
Арнайы тергеп-тексеру барысында жазатайым оқиғаның орын алу мән-жайлары мен себептері зерделеніп, оқиғаға қатысты қажетті құжаттар мен материалдар қаралды.
Тергеп-тексеру нәтижесінде оқиғаның себептері анықталып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының сақталуына тиісті баға берілді.
Сонымен қатар, алдағы уақытта осыған ұқсас жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған тиісті шараларды қабылдау қажеттілігі атап өтілді.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан еңбек қауіпсіздігі талаптарының орындалуы және жұмыс берушілердің заңнамада белгіленген міндеттерді сақтауы тұрақты бақылауда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1297940?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау