2026 жылғы 21-22 қыркүйекте «Еңбек күні» мерекесіне орай жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен өткен «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңке іс-шарасына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының қызметкерлері қатысып, бастапқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеудің ашықтығы мен тиімділігін арттыру шеңберінде https://tjm-qabyldau.emer.kz порталы арқылы бос лауазым бойынша конкурсқа қатысуға болатыны таныстырылды.
Сонымен қатар, ҚР ТЖМ М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына 2026-2027 оқу жылына үміткерлерді іріктеу мен тиісті құжаттарды қабылдау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1297462?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау