Тифлотехникалық құралдарды әзірлеу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №287 бұйрығына сәйкес, көру қабілеті бойынша 1-2 топтағы мүгедектігі бар адамдарға тифлотехникалық құралдар көзделген.

Тифлотехникалық құралдар дегеніміз не?

Тифлотехникалық құралдар – көру қабілеті бұзылған адамдарға оқуына, еңбек етуіне, ақпаратты қабылдауына және кеңістікте бағдарлануына көмектесетін арнайы құрылғылар мен құралдар.

Қандай тифлотехникалық құралдар әзірленеді?

Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда мынадай тифлотехникалық құралдарға қажеттілік анықталуы мүмкін:

  • тифлотаяқ;
  • оқитын машина;
  • экранға қолжетімділік бағдарламасы және сөйлеу синтезі орнатылған ноутбук;
  • дыбыстық хабарламасы және диктофоны бар ұялы телефон;
  • дыбысжазбаларды ойнатуға арналған плейер;
  • көру қабілеті төмен адамдарға арналған сөйлейтін сағат;
  • көру қабілеті әлсіз адамдарға арналған сағаттар (жарықтандырылған, ірі әрі анық цифрлар мен тілдері бар);
  • сөйлеу функциясы бар термометр;
  • сөйлеу функциясы бар тонометр;
  • сөйлеу функциясы бар глюкометр және тест-жолақтары;
  • Брайль шрифтін үйретуге арналған сөйлейтін өздігінен оқыту құралы;
  • жіп өткізгіштер;
  • көру қабілеті бұзылған адамдарға арналған тігін инелері;
  • сөйлеу синтезі және ақпаратты енгізу/шығару мүмкіндігі бар портативті тифлокомпьютер.

Брайль шрифтін меңгерген адамдарға арналған құралдар

Көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар және Брайль шрифтін меңгерген адамдарға:

  • Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құрал;
  • Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған грифель;
  • рельефті-нүктелі шрифтпен жазуға арналған қағаз;
  • Брайль шрифті бар сағат;
  • Брайль шрифтін үйретуге арналған сөйлейтін өздігінен оқыту құралы;
  • Брайль бойынша құрастырмалы әліппе әзірленуі мүмкін.

Тифлокомпьютер немесе ноутбук

Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда еңбекке қабілетті жастағы көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мектеп жасындағы мүгедектігі бар балаларға төмендегі құралдардың бірін таңдау ұсынылады:

  • портативті тифлокомпьютер;
    немесе
  • экранға қолжетімділік бағдарламасы және сөйлеу синтезі орнатылған ноутбук.

Тифлотехникалық құралдарды әзірлеуге қойылатын шектеулер

Әрбір тифлотехникалық құралдың өзіне тән медициналық қарсы көрсетілімдері бар.

Олардың қатарына:

  • есту аппараттарымен түзетуге келмейтін екі жақты IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуі (71–90 дБ);
  • екі жақты кереңдік (90 дБ-ден жоғары);
  • саңырау-мылқаулық;
  • есту аппараттарымен түзетуге келмейтін IV дәрежелі есту қабілетінің төмендеуімен қатар жүретін кереңдік;
  • орташа, ауыр немесе терең дәрежедегі ақыл-ой кемістігі бар психикалық бұзылыстар;
  • деменция;
  • өзіне-өзі қызмет көрсету және мінез-құлқын бақылау қабілетінің шектелуі;
  • жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу және оқу дағдыларын меңгеру мүмкіндігінің шектелуі жатады.

Брайль бойынша жазу құралдарына қатысты қарсы көрсетілімдер

Брайль жүйесі бойынша жазуға арналған құралдарды әзірлеу кезінде қосымша медициналық қарсы көрсетілімдер ескеріледі.

Оларға:

  • екі қол саусақтарының болмауы;
  • жоғарғы аяқ-қолдардың ампутациялық культтері;
  • жоғарғы параплегия;
  • қолдың үйлестіру және/немесе сезімталдық функцияларының бұзылуы жатады.

Тифлотехникалық құралдарға қажеттілік адамның денсаулық жағдайы, функционалдық мүмкіндіктері және медициналық көрсетілімдері ескеріле отырып анықталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zhambyl/press/news/details/1297267?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version