World Cleanup Day аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

 19 қыркүйекте World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қазақстанның барлық өңірлерінде ауқымды экологиялық іс-шаралар өтті.  Жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астана қаласындағы «Жасыл аймақ» РМК ШЖҚ «Ақ қайың» питомнигінің аумағында сенбілік ұйымдастырылды. Экологиялық шараға 100-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, «Жасыл аймақ» РМК ШЖҚ және «Қазгидромет» РМК қызметкерлері болды. Қатысушылар питомник аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазартып, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.  World Cleanup Day – қоршаған ортаның тазалығына қоғам назарын аударып, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған халықаралық экологиялық бастама. Таза Қазақстан – әрқайсымыздан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1298039?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version