2026 жылғы III тоқсандағы Әдеп жөніндегі уәкілдің жұмысының қорытындылары

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

2026 жылғы III тоқсанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Койшинов К.К. мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерімен онлайн-кеңестер өткізді.

Атап айтқанда, 16 шілдеде Алтай ауданы – Алтай қаласы бойынша МКБ-мен, 12 тамызда Самар ауданы бойынша МКБ және Күршім ауданы бойынша МКБ-мен, 22 қыркүйекте Катонқарағай ауданы бойынша МКБ және Тарбағатай ауданы бойынша МКБ-мен кеңестер өткізілді.

Кеңестер барысында Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамаларын, Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтау, сондай-ақ қызметтік тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік органдарда темекі шегуге қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына, көлік құралдарын алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде басқаруына, сондай-ақ осындай күйде қоғамдық орындарда болуына жол берілмейтініне ерекше назар аударылды.

Кездесулер қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын тұрақты сақтау, тәртіпті, заңдылықты және жауапкершілікті нығайту қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1298100?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version