Абай облысы мәслихаты төрағасының міндетін атқарушы Уалихан Майжановтың төрағалығымен кезекті қырық бірінші сессия өтті. Өңірдің әлеуметтік, инфрақұрылымдық және цифрлық даму мәселелері қаралды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бекжан Бапышев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан мәслихаттарының төрағалары, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда
Сессияда сегіз мәселе қаралды. Білім сапасы мен жаңа оқу жылына дайындық, 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына әзірлік, есірткі мен лудоманияның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндамалар тыңдалды. 
Сондай-ақ Президент Жолдауында қойылған цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы міндеттердің өңірде орындалуы қаралды. Күн тәртібінде жер үсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелеріне өзгеріс енгізу, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қаралды. 
Арнаулы алаңдар мен тұрақтарға жеткізілген көлік құралдарын есепке алу және уақытша сақтауды ұйымдастыру қағидалары талқыланды. Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына өзгерістер енгізілді.
Сессия барысында депутаттар сұрақ қойып, бірқатар мәселе бойынша ұсыныстарын білдірді. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
 
 
Абай облысы мәслихатының баспасөз қызметі
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-abay/press/news/details/1298074?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version