Аққұдық ауылында электр инфрақұрылымы жаңартылды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мақсатында Аққұдық ауылында электрмен қамту жүйесін жаңғырту бағытында маңызды жұмыстар атқарылды. «Тұрмыс-Сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны тарапынан ұйымдастырылған бұл шаралар елді мекенді үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы ретте, ауылдағы негізгі мәдени-әлеуметтік ошақ болып табылатын Мәдениет үйінің электр жүйесіне ерекше назар аударылып, нысанның іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 160 кВт болатын жаңа трансформатор қондырылды. Бұл қадам әлеуметтік нысанның инженерлік желілерін нығайтып қана қоймай, жергілікті тұрғындардың мәдени іс-шараларға еш кедергісіз қатысуына толық мүмкіндік береді.

Мұнымен қоса, елді мекен ажарын кіргізіп, түнгі уақыттағы қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында ауыл көшелеріндегі жарықтандыру жүйелері толықтай ретке келтіріліп, ескірген шамдар жаңасына ауыстырылды. Кешенді түрде жүзеге асырылған бұл инфрақұрылымдық жаңартулар ауыл тұрғындарының қолайлы да қауіпсіз ортада өмір сүруін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1298116?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version