Атбасар қаласында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда. 🌿
Кезекті сенбілік барысында қала ұйымдарының қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарды тазалауға шықты. Мұндай жұмыстар тұрақты түрде әр сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі.
Абаттандыру жұмыстары барысында аумақтар қоқыс пен жапырақтардан тазартылып, шөп шабылып, ағаштар отырғызылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.
Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында Атбасар қаласын таза, көрікті әрі жайлы етуге өз үлесімізді қосамыз. Қаламыздың тазалығы — баршамызға ортақ міндет! 🌳
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-atbasar/press/news/details/1298291?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау