Бақылау және қадағалау органдарының бизнес-қауымдастығы алдында бірыңғай есеп беру күні

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін, Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының тапсырмасымен басшы орынбасары Гаухар Сұлтанқызы Каткенова мен ұйымдастыру жұмысы және қызметті талдау бөлімінің басшысы Мейірхан Нұрахынұлы Мухамедиев бірыңай есеп беру күніне қатысты.

Оған Алматы қаласының барлық бақылау және қадағалау органдарының, прокуратура, кәсіпкерлік палатасының өкілдері қатысып, бизнес-қауымдастық алдында есеп берді.

Өз кезегінде Департамент өкілдері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын түсіндіріп өтті.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 131-1 бабына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту мақсатында жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде, бақылау және қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күні өткізіледі.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1298134?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version