Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Чижма Наталья Викторовнаның төрағалығымен Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Отырыста «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Зәуре Мәдиқызы Тұлұмбаеваның үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің жұмысы, мүгедектер мен жалғызбасты қарттарға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету,  әлеуметтік қызметкерлерді формамен және барлық қажетті заттармен қамтамасыз ету туралы ақпараты тыңдалды. Отырыс соңында депутаттар оның ақпаратына қатысты сұрақтар қойды. Олар жарыссөзде сөйлеген сөздерін тыңдады. Отырыс қорытындысы бойынша орындауға ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/1298468?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version