ХХ Азия ойындарының қос чемпионы Ақтөбеге жетті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Бүгін Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе халықаралық әуежайында ХХ Азия ойындарының чемпиондары Еркінғали Бүркіталин мен Қадырбек Шынбаевты салтанатты түрде күтіп алды.
 
🇯🇵 Жапонияның Аичи–Нагоя қалаларында өткен ХХ Азия ойындарында ақтөбелік спортшылар аралас жекпе-жектен (MMA) екі алтын медаль жеңіп алды.
 
🥇 Еркінғали Бүркіталин 77 келіге дейінгі салмақта (Traditional) финалда Бахрейн өкілі Мухаммад Набиевті 3:0 есебімен жеңіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
 
🥇 Қадырбек Шынбаев 71 келіге дейінгі салмақта (Modern) финалда Тәжікстан өкілі Бехруз Хуршедзоданы 3:0 есебімен жеңіп, алтын жүлдеге ие болды.
 
✈️ Әуежайда чемпиондарды спорт қауымдастығының өкілдері, жаттықтырушылар, туған-туыстары мен жанкүйерлер салтанатты түрде күтіп алып, жарқын жеңістерімен құттықтады.
 
Жерлестерімізді айтулы жеңісімен құттықтаймыз!
 
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1298109?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version