ІІМ заңсыз граффити салуға қарсы жұмысты күшейтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

     “Таза Қазақстан” бағдарламасын іске асыру аясында ІІМ ғимараттар мен қоғамдық орындарды бүлдіру және граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті.

     Соңғы екі күнде республика бойынша 524 профилактикалық іс-шара өткізілді. Граффити салудың 2 300-ден астам фактісі анықталды.

     Тексеру нәтижелері бойынша “Ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдаланылатын орындарды, көліктегі мүлікті және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау” бабы бойынша 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

     Шымкент қаласында есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау фактісі бойынша бір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

     Құқық бұзушылықтарды анықтаумен қатар, полиция халықпен профилактикалық жұмыс жүргізуде. Республика бойынша 1 200-ге жуық ақпараттық брошюра таратылып, азаматтармен 976 түсіндіру әңгімесі өткізілді.

     Граффитиді заңсыз салудың жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда және Ішкі істер министрлігінің бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1298363?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version