Павлодар қаласында полиция қызметкерлері «Toyota» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тексеру барысында жүргізушінің сот шешіміне қарамастан, алимент төлеуден жалтарып жүргені анықталды.
Сонымен қатар, жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша да берешегі болған.
Жеке сот орындаушысының қаулысына сәйкес, борышкердің автокөлігіне тыйым салынып, көлік арнайы тұраққа қойылды. Автокөлік берешек толық өтелгенге дейін арнайы тұрақта болады, — деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаменті.
Жыл басынан бері әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар көлік иелерінің 27 автокөлігі арнайы тұраққа қойылған. Оның ішінде 7 жүргізушінің алимент бойынша берешегі болған.
Полиция азаматтарға құқықтық салдарға жол бермеу және жақындарымен өзара сенімді қарым-қатынасты сақтау үшін отбасы алдындағы міндеттемелерін уақытылы орындауды ескертеді.
Бұл бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде, — деп атап өтті ведомствода.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1298259?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау