Ақтау қаласының мәслихаты мен қала әкімдігі әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған сарбаздардың отбасылары мен жақын-жуықтарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.
Ел қауіпсіздігі мен Отан алдындағы азаматтық борышын өтеу барысында қаза болған әскери қызметшілердің өмірден өтуі – орны толмас ауыр қаза.
Осы қиын сәтте марқұмдардың ата-аналарына, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қаза болған азаматтардың туған-туыстарына сабыр мен күш-қуат тілейміз.
Марқұмдардың иманы саламат, жандары жәннатта болсын.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1298586?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау