Қорқыт ата көшесінің бойында орналасқан №134 және №138 көпқабатты тұрғын үйлердің алдағы жылу маусымына дайындығы тексерілді.
Тексеру барысында қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев тұрғын үйлердің жылу жүйелері, жертөле және ортақ пайдаланылатын инженерлік желілердің жай-күйін қарап, жауапты басқару субъектілеріне анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде ретке келтіруді және жылу маусымына дайындық жұмыстарын толық аяқтау бойынша тапсырмалар берді.
Басты мақсат – тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, жылу маусымын сапалы әрі үздіксіз өткізу.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kzo/press/news/details/1298203?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау