Маңғыстау облысының Әділет департаменті «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» қағидаттарын ілгерілету және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылы №9 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы және азаматтардың құқықтары»,сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыптарында дәріс өткізді.
Іс-шараға Әділет департаментінің мамандары және заң қауымдастығының өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың заңға құрметпен қарауын қалыптастыру.
Сонымен қатар, оқушылардың заң бойынша көкейтесті сұрақтарына мамандармен қолданыстағы заң нормаларына сайкес жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-mng/press/news/details/1298147?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау