«Парыз» байқауы: Қарақұдық ауылдық округінің «Эльвира» шаруа қожалығы жүлделі 3 орынға ие болды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Қыркүйек айының соңғы жексенбісінде атап өтілетін Еңбек күні қарсаңында облыс әкімдігінде «Еңбек жолы» және «Парыз» байқауларының өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. Бұл байқау әлеуметтік әріптестікті дамытуға және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нығайтуға бағытталған.

Марапаттау рәсімі барысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасындағы «Парыз» байқауының қорытындысы бойынша, Қарақұдық ауылдық округінен қатысқан «Эльвира» шаруа қожалығы жоғары әлеуметтік жауапкершілігі мен еңбек саласындағы жетістіктері үшін жүлделі 3 орынды иеленді.

Ауылдық округіміздің мақтанышына айналған «Эльвира» шаруа қожалығының ұжымын шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, алға қойған мақсаттарыңызға сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1298089?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version