Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясымен жұмыс кездесуі өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясымен жұмыс кездесуі өткізілді.

 

Жұмыс кеңесіне Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы және Департаменттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Назира Қамалбайқызы Смағұлова мен білім беру және тәрбиелеу обьектілерін бақылау бөлімінің бас маманы Гүлнәр Шанжарқызы Аймаханова қатысты .

 

Департаменттің техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің басшысы Назира Камалбайқызы Смағұлова «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бақылау мақсатында сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы №46 бұйрықтың және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің  талаптары бойынша баяндама жасады.

 

Кездесуде балалар мен жасөспірімдердің тағам қауіпсіздігі мен сапасы жөнінде және балаларға ұсынылатын тағамдардың қауіпсіздігі, құнарлылығы және санитариялық талаптарға сәйкестігі мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, тағам өнімдерінің сапасын бақылау, оларды сақтау талаптары және балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер талқыланды.   

 

Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз және сапалы тамақтануын қамтамасыз ету, тағам өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың сақталуын бақылау және осы бағыттағы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жөнінде ұсыныстар айтылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1298122?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version