Жітіқара ауданының Приречное ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында бөлімше ғимаратын жаңарту жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі таңда негізгі ғимаратқа жапсаржай салу және оны қаптау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Нысанның жалпы дайындық деңгейі 70%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта қабырғаларды сылау және левкас жұмыстары, сондай-ақ бөлмеаралық қалқаларды орнату жүргізілуде. Іргелес аумақта тротуар тасын төсеу жұмыстары атқарылуда.
Жүргізіліп жатқан жұмыстар жеке құрамның қызмет атқаруына қажетті жағдай жасауға және бөлімшенің материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған.
Нысандағы жұмыстар жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kostanay/press/news/details/1298364?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау