Рентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулер бойынша жұмыс кеңесі өтті

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Тоқанқызы Қалықованың төрағалығымен рентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулер бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.

 

Жұмыс кеңесіне «Ұлттық сараптама орталығының» Алматы қаласы бойынша филиалының және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты қызметкерлері қатысты.

 

Департаменттің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Толқын Дүйсеғұлқызы Базарқұлова рентгенологиялық кабинеттердегі зертханалық зерттеулерді жүргізудің бірыңғай тәсілдері туралы баяндама жасады.

 

Кеңесте «Ұлттық сараптама орталығының» Алматы қаласы бойынша филиалымен бірлесіп, рентгенологиялық кабинеттерде жүргізілетін зертханалық зерттеулердің бірізділігі, сынамаларды іріктеу, өлшеу жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижелерін бірыңғай талаптарға, әдістемелерге және нормативтік құжаттарға сәйкес рәсімдеу мәселелері талқыланды. 

 

Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті ұсыныстар берілді.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-almaty/press/news/details/1298114?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version