ШҚО спортшысы Азия ойындарында семсерлесуден күміс медаль жеңіп алды

Жарияланды:

—

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Кирилл Проходов Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында семсерлесуден күміс жүлдеге ие болды.

Ол Қажымұқан атындағы ШҚО жекпе-жек түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің тәрбиеленушісі.

Жарыстың топтық кезеңінде жерлесіміз алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, келесі кезеңге сенімді өтті.

1/16 финалда Кирилл Катар спортшысы Абдулрахман Аль-Джадрды 15:2 есебімен жеңді. Ал 1/8 финалда Тайбэй өкілі Илу Гастон Гийемомен тартысты өткен кездесуде 15:14 есебімен басым түсті.

Ширек финалда қазақстандық семсерлесуші Қытай спортшысы Минхао Ланды 15:7 есебімен ұтты. Ал жартылай финалда Гонконг өкілі Хой Сун Фонгты 15:13 есебімен жеңіп, шешуші жекпе-жекке жолдама алды.

Алтын медаль үшін өткен финалда Кирилл Проходов Жапонияның атақты семсерлесушісі Кано Кокимен кездесті. Жапон спортшысы – екі дүркін Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы және қазіргі таңда әлемдік рейтингтің екінші сатысында тұрған мықты қарсылас.

Тартысты өткен финалдық кездесуде Кирилл 13:15 есебімен жеңіліп, Азия ойындарының күміс медалін иеленді.

Осылайша, Шығыс Қазақстан спортшысы құрлықтың басты додаларының бірінде жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына күміс жүлде салды.

Кирилл Проходовты, оның жаттықтырушылары Ксения Ивановна Вендерских пен Александр Александрович Пеньковті және спортшының жеңісіне үлес қосқан барша мамандарды осы жетістікпен құттықтаймыз!

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1298641?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version